ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

14-НАУРЫЗ – АМАЛ КҮНІ

12:22, 15 наурыз 2019

Бүгін – Амал, яғни көрісу күні. Ел арасында бұл мейрам жаңа өмір, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді. Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамында бастау алатын мереке Достық үйінде аталып өтті. Шараға мектеп оқушылары мен жастар қауымы және ақ жаулықты аналар қатысты. Жиында Амал мерекесі жастарға кеңінен баяндалды.

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шығып, көктемнің шуақты күні бір-бірімен қуана қауышқан, ізгі ниет-тілегін жаудырған қазақтың ежелгі мейрамы, Көрісі күні құтты болсын. Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамын тойлау ауқымды түрде бастау алды. 14-наурыз ежелден халық арасында көрісу күні деп аталып, бір-бірімен қол алысып, көріскен. Бір-біріне деген өкпе-назы болса, кешірім сұрап, араздық ұмытылады. Төс қағыстырып, амандық-саулық тілейді.

Бақытжамал Максилова, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

14 қауышу күні. Бір біріне ренжіші болса, кешіру күні. Сондықтан бүгінгі қауышу күнін Балалар сарайы. 25 мектеп, Нұр Ана қоғамдық бірлестігі және жастар орталығын әкеліп отырмыз.Себебі, біз жастарға үйретеміз. Бұл біздің наурыз фесттың басталу кезеңі.

Ата-бабамыз ұлыстың ұлы мейрамын 14 наурыздан бастап 22 наурызға дейін тойлаған. Дәл осы күннен бастап, әр 9 күн бойы игі істерге толы болған. Әр жанның жүрегіне қуаныш сыйлаған көктемгі күндер, ел арасында көрісу, тағзым, алау, шаттық, береке, өніс, жайнау күндері деп аталған. Шараға мектеп жасындағы оқушылар, жастар қауымы жиналды. Жоғары буын өкілдері ежелден сақталған дәстүрді өскелең ұрпаққа кеңінен таныстыруды мақсат етіп отыр.

Әсем Айыпова, оқушылар сарайының әдіскері

Бұл мерекенің басты мақсаты қазіргі өскелен ұрпаққа салт-дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, ата-бабамыздан сақталған салт-дәстүрімізді балаларға мирас етіп қалдыру үшін. Осындай наурыз мерекесін 40 күн тойлайды ғой қазақ халқы. 14 наурыздан бастап тойлап, балалармен әдемі, шаттық мерекесіне келіп отымыз.

Биылғы жылы наурыз мейрамы жаңа бағытта атап өтіледі. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша мерекенің басты символы етіп «жолтеректі» әзірлеген. Бәйтеректей биік, басына шаңырақ орнатылған, жан-жағын түрлі-түсті жеті матадан әзірлеп, безендірген. Ал жолтеректің етегін қызғалдақ гүлдермен көмкерген.

Бақытжамал Максилова, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Жалпы айтады 100-ден ас қызғадақ түрі бар дейді. Оны қалай болатынын балаларға түсіндіріп айтамыз. Оны балалар білу керек. Қайырымдылық күні қашан, тазалау күні қашан, бір-біріне сыйлық жасау күні қашан екенін балалар білу керек. 22 мейрамды тек қызықтап, қыдырып кету біздің мақсат емес. Біздің мақсат сол мерекеге қалай жететіндері.

Ежелден келе жатқан төл мерекеміз көрісу күні еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. Қазақ халқы үшін бұл күннің маңызы зор. Күн мен теңеліп, жаңа күннің бастауы болып, қыстан аман-есен шыққан ағайын бір-бірін құттықтап, дастархан жайылып, үлкендерден бата алған.

 

МӨЛДІР Сағидолла

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар