Айтқазин Бауыржан Ахметханұлы

001.jpg

1970 жылы туған. 1995 жылы Алматы мемлекеттік универистетін «Филолог» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының «Таңшолпан» бағдарламасының редакторы ретінде бастаған.

1997-1998 ж.ж. – «Таң» Телерадиокорпорациясының бас редакторы міндетін атқарушы.

1999-2001 ж.ж. – «31 арна»телекомпаниясының «Информбюро» бағдарламасының шығарушы редакторы.

2001-2003 ж.ж. «Хабар» агенттігі» ЖАҚ  ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі.

2003-2005 ж.ж. - «Қазақстан» РТРК» Шығыс Қазақстан филиалының директоры.

2004 ж. «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша Мәскеу экономика, статистика және ақпарат институтына оқуға түскен.

2005-2007 ж.ж. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры.

2007 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінің басшысы міндетін атқарушы.

2008 жылдың қаңтар айынан ҚР  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметінің басшысы Астана қ. – бөлім меңгерушісі.  

2008 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төрағасы.

2013 жылдың ақпан айынан «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар филиалының директоры.