Иманғазы Гүлжанат Жеңісқызы

001.jpg

1969 жылы Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Жабағылы ауылында дүниеге келген. 1988 жылы В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін бітірген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін үздік бітірген. Еңбек жолын «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында бастаған. 1994 жылдан «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының редакторы болып еңбек етті. 2012 жылдың 4 желтоқсанынан «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалы бағдарламалар өндірісі бөлімінің жетекшісі. 2013 жылдың 1 қыркүйегінен филиал директорының орынбасары.