Танабас Қуандық Есетұлы

 

Павлодар қаласында дүниеге келген. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №17 мектепті үздік тәмамдады.

2009 жылдан – С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша Президенттік стипендиямен және ҚР Президентінің Тұңғыш Қоры тағайындаған арнайы стипендиямен білім алды.

2009-2011 жылдары – Павлодар облысында тұңғыш жастар басылымы - «SMS+» газетін ашып, оның бас редакторы қызметін атқарды. 

2010-2013 жылдары – облыстық «Педагогика хабаршысы» газетінің редакторы болды.

2011-2015 жылдары – республикалық «Дала мен Қала» газетінің меншікті тілшісі болды.

2012 жылдан - ­облыстық «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының тілшісі, «Қайырлы таң» бағдарламасының жүргізушісі.

2013 жылдан - жаңалықтар қызметінің жетекшісі, шеф-редактор қызметін атқарып келеді.  

2011 жылы – PR және жарнама саласындағы жетістіктері үшін халықаралық «Золотой соболь» сыйлығының иегері.

2016 жылы – «Ертіс Информ» жаңалықтар қызметі ресейлік ТЭФИ индустриалық телевизиялық премиясының иегері.

Газетті беттеу, дизайн саласында бірқатар әдістемелік құралдардың авторы.

Музыка саласында алған кәсіби білімі бар.