ШҰҒЫЛ! Қ.ТОҚАЕВ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТІНЕ КІРІСТІ Толығырақ

Телеарна туралы

1961 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі  Павлодар қаласында телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады.

1961 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі  Павлодар қаласында телеорталық құрылысын салу туралы шешім қабылдады. Осы жылдың көктемінде  мұнараны монтаждау басталды.

1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет эфирге шықты.

1966 жылға дейін студия аптасына екі мәрте хабар берсе, 1966 жылдың 1 қаңтарынан хабар көлемі ұлғая түсті.

1970 жылы Павлодар телестудиясында бірінші жылжымалы телестанция пайда болды. Тәулігіне 5 сағат хабар таратылды. Фильмотека мен жеке мұрағат жасалды.

1971 жылы Павлодар радиотелеорталығы Қазақстан КСР-де бірінші болып бейнежазу аппаратурасын пайдаланды. 1975 жылдың қаңтарынан Қашыр ауданының «Октябрь»  және «Лебяж» кеңшарларында ретрансляторлар іске қосылды. Ал маусым айында республикалық телевизия хабарлары техникалық сынақтан өткізілді. 1970 жылдары Мәскеу, кейін Алматы хабарлары экранға шықты.

1980 жылы көлемі бұрынғыдан үш есе үлкен жаңа павильон салынды. Елге белгілі шығармашылық ұжымдарды жазуға мүмкіндік туды. Тіпті сол жылдары студияның өзінде балалар хоры болды.

1983 жылы телевизия толығымен түрлі-түсті форматқа көшті. 1987 жылы телеорталық «Перспектива» түрлі-түсті жабдығының жаңа түріне ие болды.

1990 жылы студия 25 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол кезде ұжымда 300 адам еңбек етті. 1990 жылдардың бас кезінде студияны техникалық қайта жарақтау жүзеге асырылды. Сапалы бейнетүсірілім жасау, эфирге материалды жедел беру үшін портативті аппаратура пайда болды. 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында телевизия компьютерлендірілді, оның техникалық мүмкіндігі кеңейтілді, шығарылған өнім сапасы артты.

2002 жылы Павлодар телестудиясында сантаңбалық телевизия дәуірі басталды. Ескірген жабдықтар түгелдей әлемдік деңгейдегі телевизиялық техника түрлерімен ауыстырылды.

2008 жылғы қыркүйектен бастап жалпы алаңы 300 шаршы метрлік телевизияның үлкен студиясындағы арнайы жарықтандыру құралдары тұтастай өзгертілді.

2009 жылы жылжымалы телевизия станциясы ( ПТС) алынды.

2009 жыл – «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар облыстық филиалы «Қазақстан» арнасынан сағат 17.50-ден 18.50-ге дейін (мереке және демалыс күндерінен басқа) аптасына бес рет хабар таратып, облыс тұрғындарының 98,6%- ін қамтиды.

2012 жыл – телеарна 100 % лентасыз хабар тарату үрдісіне көшті.

2013 жыл – сегіз қуатты монтаждау станциялары сатып алынды. Және дәл осы жылы талшықты оптикалық желі бойынша сигнал жеткізу үшін айпи- құрал- жабдықтармен толықты.

2013 жылы «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы толығымен жаңарып, жаңаша бетбұрыс,  

жаңа қарқынмен жұмыс істеді. Оған дәлел эфирдің бет-бейнесінің, бағдарлама атауларының жаңаруы, түрлі аңдатпалар, студиядағы дизайн және жаңа маусымдағы жаңа жобалар, жас дикторлардың эфирге шығуы.

2013 жыл – телеарнаның хабар тарату уақыты 6 сағатқа ұлғайтылып, мемлекеттік тілдегі бағдарламалар 62 % -ды құрады.

 «Ертіс inform» жаңалықтар қызметі дүйсенбі-жұма аралығында күн сайын сағат 9:00, 9:30, 13:00, 13:15, 18:00, 18:30, 21:00, 21:30, 23:00, 23:30-да екі тілде, заманауи үлгіде жаңа   шапкамен шығады;

Тақырыптық бағдарламалардың заставкасы да студияға сәйкестендіріліп, өзгертілді; Эфирге тәулігіне 14 сағат шығамыз, оның 6 сағаттан астамы өзіміздің өнім, оның ішінде 3 сағат 10 минуты жаңалықтар, ал қалған 5 сағатын тақырыптық хабарлар алады. Яғни процентке шаққанда эфирдің 45 пайызы - өзіміздің өнім. Эфирде таратылатын хабарлардың 62 пайызы - қазақ тілінде. Эфирге шыққан жаңа жобалардың ішінде келесілерді атап өтуге болады: 22 наурыз күні «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы тарихында бірінші рет тікелей эфир арқылы «Үмітің үзілмесін!» атты қайырымдылық телемарафоны өткізілді.Аймағымыздың айтулы ұйым, мекемелері мен тұрғындар үн қосып, қолдау көрсеткен аталмыш акция жайында республикалық басылымдар, БАҚ құралдары жан-жақты хабардар еткені белгілі. Арнайы комиссия тағайындалып, жиналған қаражат шетелде емделуді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балалар қорына құйылды. Сондай-ақ, біздің арнамызда 2013 жылы екі телекөпір өткізілді. 19 мамырда «Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікті қолдау» атты аймақтық телекөпір өтті. Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей қалалары арасында өткен (1 сағаттық) бұл телекөпірде өңіріміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша алда келе жатқаны, облыстағы атқарылып жатқан оң істер жан-жақты қамтылды. Одан соң 11 қазанда «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты аймақтық телекөпірде модератор Павлодар облысы болды.

Астана күніне орай «Ертіс таңы» ақпараттық-сазды бағдарламасында күнбе-күн «Ел жүрегі – Астана», «Астана в моем сердце» айдары жүргізіліп отырды. Онда түрлі танымдық сюжеттер көрсетіліп, студияға маңызды қонақтар шақыртылды. «Ертіс inform» ақпараттық бағдарламасында күнбе-күн Астана туралы сюжеттер топтамасы шықты. «Астана ел мақтанышы» хабарыөңір ақындарының Астана туралы өлеңдері, қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің оң пікірлерін тоғыстырды. «Бәрі де болашақ үшін»бағдарламасында Елбасының қатысуымен ашылған Мұз сарайы және Баянтау спорт кешендері туралы баяндалды. «Все ради будущего» бағдарламасына «Болашақ» бағдарламасы түлектері қатысып, өз ойларын ортаға салды. «Астана ­- жаңа қала»бағдарламасында қаланың архитектуралық ерекшеліктері туралы айтылады.

Ұлт тарихын насихаттауға байланысты эфирден бірқатар танымдық-тағылымдық хабарлар шықты. Солардың бірі - Павлодар облысының аймақтық тарихына арналған «Тарих пен тұлға» атты ғылыми-танымдық көпшілік хабар. Мұнда Ертістің, Павлодар өңірінің тарихи, әдеби, мәдени және рухани мұралары туралы сөз болды. Бағдарламаның бірінші топтамасында Павлодар өңірінің тарихи тұлғалары, батырлары, зиялылары, бүгінгі қоғам қайраткерлері мен Еңбек ерлері туралы хабарлар берілді. Олар: Бұхар жырау Қалқаманұлы, Бөгенбай батыр, Олжабай батыр, Малайсары батыр, Жасыбай батыр, Совет Одағының батыры Махмет Қайырбаев, Серікбай Мүткенов және т.б. (Павлодар облысынан Совет Одағының 22 батыры шыққан). Социалистік Еңбек ерлері мен Халық қаһармандары: Сатынбек Әбішев, Нұртаза Әлжанов, Әнес Ахмединов, Жорабек Ермағанбетов және Шапық Шөкин. Ғалымдар: Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ермұхан Бекмаханов, Серікбай Бейсенбаев, Жабайхан Әбділдин және т.б.

Арнамыздан 35-ке жуық тақырыптық хабарлар эфирге шығады. Негізгі қамтылатын тақырыптар: Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясына орай, тікелей эфирде «Көкейкесті», «Диалог в прямом эфире», «Дидарласу», «Приемная депутата»,Индустрияландыру бағдарламасына байланысты «Өндірісті өлке», «Карта индустриализации», «Жұмыспен қамту-2020-ға» байланысты «Телеярмарка вакансии», «Бос орындар жәрмеңкесі», «Дипломмен ауылға», «Ауыл тынысы», мемлекеттік тілді дамытуға орай әр сейсенбі күні 15 минуттық «Туған тіл- байлығым», ұлтаралық достықты нығайтуға байланысты «Ортақ шаңырақ астында», «В семье единой» және т.б.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу жұмысын «Қазақстан» РТРК АҚ-ы Павлодар облыстық филиалы жоспарлы түрде жүргізуде. «Қолжетімді баспана» бағыты бойынша «Жастар өмірі», «Доступное жилье для молодежи», «Президент жолдауынан соң»бағдарламалары, Қазақстандық патриотизм бағыты бойынша «Мы-Казахстанцы», «Білгеніңіз жөн», «За строкой Послания» бағдарламалары көрерменге жол тартуда. 

Арнамызда vk.com Казахстан-Павлодар деп аталатын әлеуметтік жүйе іске қосылған. Сол арқылы көрермендер өз ойларын білдіріп, түрлі сауалдарын жолдай алады. Демек, осы жүйе арқылы көрерменмен тығыз байланыс орнатылып, жаңалығымызда сан түрлі проблемалар көтеріледі.

Жаңа маусымда ашылған жаңа жоба - «Біздің қала», «Город 718» деп аталады. Бұл интерактивті бағдарлама заман талабына сай көрерменмен тікелей байланыс жасауға мүмкіндік береді. 

Бұрыннан келе жатқан бағдарламалардың бірталайы қысқартылып, уақыт талабына сай жаңа жобалар енгізу қолға алынды. 

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы өткен 10 ай ішінде талай жетістіктерге қол жеткізді. «Ертіс inform» жаңалықтары күніне 10 рет (қаз, орысша) эфирге шығып, елдің күтіп қарайтын арнасына айналды. Сондай-ақ, күнделікті таңертең шығатын «Ертіс таңы» ақпараттық-музыкалық бағдарлама көрермендер көңілінен шықты. Сағат 13.35-те эфирге шығатын «Біздің қала»- «Город 718» бағдарламасында күнделікті өңіріміздегі мәселелер көтеріледі. Бағдарламаны қызыға қарап, өз сұрақ, сауалдарын қоюшылар саны күн сайын артып келеді. Сондай-ақ, Жаңа жылдан бастап, тағы да бірнеше жаңа жоба ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, «Басты назарда...», «В центре внимания» хабарлары айына 2 рет шығатын тікелей эфирде көрермендер назарына ұсынылады. Сонымен бірге «Руханият», «Әйел бақыты», дискуссия түрінде өтетін танымдық бағдарлама «Ашық әңгіме», «Открытый разговор» хабарлары эфирге жол тартады. Және мектеп оқушыларына арналған интеллектуалды жоба «Интеллект» және басқа да бағдарламалар ашылмақ.

Ауқымды жобаларға келетін болсақ, наурыз айына аптасына 1 рет шығатын «Добрый вечер, Павлодар!» ток-шоуы дайындалуда.

2015 жыл – «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының интернеттегі ресми сайты – htth: // pavlodartv. kz іске қосылды

2017 жыл - "Қазақстан-Павлодар" телеарнасы ресми түрде "ERTIS" деп аталды.

2018 жыл - Бүгінде Ұлттық арна атына сай, қазақ тіліне толықтай көшкелі бері, бұрын-соңды болмаған рейтингтің ең жоғары сатысына көтерілді деп айтуға болады!. Көш бастаудың тағы бір құпиясы - телеарна жыл сайын көрерменді еріксіз баурап алатын жаңа жобалар ойлап табуда. Халықтың сүйікті арнасы әрқашан өз көрермендерін көзайым жобаларымен қуантуға асығады! Қыркүйек айынан басталған жаңа маусым еліміздің барлық аймақтарын қамтыды. «Qazaqstan» РТРК» Акционерлік қоғамы Павлодар облыстық филиалында да жаңа телевизиялық маусымның тұсауы кесілді! Біз көрермендерімізге  өз мүмкіндіктерімізді  өзге қырынан  танытуды мақсат  тұттық.

    Облыстық «ERTIS» телеарнасындағы бағдарламалық кесте, эфирге шығатын әрбір заставка, хабарлардың бет-бейнесінде де айтулы өзгерістер орнады. Студияда декорациялар бойынша монтаждау жұмыстары жүргізіліп, жарық қондырғылары орнатылды. Бұның бәрі өте күрделі және ауқымды жұмыс болды. Эфирдің безендірілуі, графикалық жаңаруы ғана емес, ең бастысы экранға шығатын жаңа бағдарламалар мен жобалардың мазмұны мен сапасына аса мән беріліп келеді. Мемлекет басшысының жұмысын және оның бастамаларын, ҚР Парламенті, Үкіметі, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін–өзі басқару ұйымдары өкілдерінің және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жұмысын ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру барысында тың форматта жұмыстар жүргізілуде. Телекөрермен асыға күтетін, телеарнаның тұздықты жобасы – «ЕRTIS AQPARAT» бағдарламасының студиясы жаңартылып, бағдарлама мазмұны байытылды.  Жалпы жаңа маусымда «ERTIS» арнасында түрлі бағыттағы жобалар көрерменге жол тартады. Ел өмірінің, аймақтың тынысымен қатар, «1 СТУДИЯ» айдары  қосылып, әрбір көрермен студиямен тікелей байланысып, көкейкесті сауалын қойып, ұсынысын айта алады. Сонымен қатар, «ERTIS» телеарнасында жасөспірімдер аудиториясын қамту  мақсатында, қызықты  әрі ерекше «АIBYN» атты жаңа жобаның тұсауы кесілді. Көрермендердің сұрауы бойынша «INTERVIý» бағдарламасы эфирге жол тартты. «AGROBIZNES» - алыс ауылдардағы шаруа қауымының тұрмыс-тіршілігі жайынан хабар берсе, «ЦIFRLYQ QAZAQSTAN» - жаңа технологиялар саласындағы соңғы ақпараттармен  таныстыруды көздейді. Жаңа маусымдағы ең басты жаңалық - бұл телебағдарламалар  атауларының біртіндеп латын әріптерімен жазылуы дер едік! Бұл - қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы Елбасының Жарлығына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы ғана.

   2018 жылы Қазақ телевизиясына 60 жыл толып отыр. Сондықтан телеарнаның  «Алтын қорында» сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан бұрынғы бағдарламалар эфирге жол тартты. Сонымен қатар бірқатар деректі фильмдер топтамасы  көрерменге жол тартты.  Олардың қатарында Ертіс-Баян өңірінің көпшілікке беймәлім тарихы туралы әңгімелейтін «JERUIYQ»,  сондай  Ұлы тұлғалар жайлы сыр шертетін «AMANAT» бағдарламалары бар.  Өткенге үңіліп, бүгінгі күннің болмысынан сыр шертетін, ел тарихы мен ұлт мүддесі жолында зор қызмет атқарып, болашаққа бағыт беретін бағдарламалар әлі де жалғасын таба бермек. Сонымен қатар, «ERTIS» телеарнасы мемлекеттік маңызы жоғары түсірілімдер мен тікелей трансляцияларды жүзеге асыруда. Атап айтсақ, облыстың барлық аудандарында «ÁKIM SAǴATY», «Ұлттық домбыра күні», «Мен Қазақпын», «Ertissinema» кинофестивалі, «Ұлы Дала» этнофестивалі, «Құрбан айт» тәрізді  мемлекеттік атаулы күндер, маңызы жоғары ресми, мәдени іс-шаралар тікелей эфирде көрермендерімізге  ұсынылып, оң бағасын алды. Яғни, контентті жаңарту барысында әлеуметтік жобалардың саны артты, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың форматы өзгерді. Ең бастысы, өзіміздің ішкі телеөнімнің үлесі  75%-ға өссе, оның 73%-і мемлекеттік тілде жариялануда. «ERTIS» телеарнасының ұжымы өнімнің мазмұны жағынан ғана өзгеруіне күш салған жоқ, сонымен бірге, технологияны жаңаша меңгеруге, көркемдеуге, көрермендердің көңілінен шығуға мән беруде! Осы ретте өз тәжірибемізге сүйеніп қана қойған жоқпыз, сонымен қатар әлемдік медианарықтағы тәжірибелерді қамтып, өсу деңгейімізге халықаралық ынтымақтастықты дамыту барысында қол жеткіздік. Мәселен, «ERTIS» телеарнасының шығармашылық ұжымы Ресей Федерациясы, Кемерово облысында өткен «Черное золото России-2018» медиафорумына арнайы шақырту алды. Кәсiби шеберлiктi арттыруға бағытталған байқауда "ERTIS" телеарнасының журналисi Зоя Бутуэрустың ұсынған материалы ерекше аталып өтiлдi. Шара барысында «Кузбасс» Мемлекеттік телекомпаниясымен «ERTIS» телеарнасы арасында өзара тәжiрибе және ақпарат алмасу турасында келiссөз бекiтiлдi. Мұнан өзге, 2018 жылдың  қараша айында Ресейдің Томск МТРК; 2018 жылдың қараша айында Ресейдің Алтай МТРК -өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Жалпы, сапалы телевизиялық өнім ұсыну, көрерменнің сұранысына сай бірегей жобалар әзірлеуде телеарнаның өзіндік қолтаңбасы қалыптасып келеді деп айтуға болады.  Телевизиялық тың жобалар арқылы қоғамдық құндылықтарды насихаттап, интелектуалды ұрпақтың өсуіне ықпал етуде талмай еңбек ете бермекпіз!  Ең басты жаңалықтарымыз алда!